High Intensity Ocean™иіссуы, 73 мл
High Intensity Ocean™иіссуы, 73 мл
73 мл
-
Қоймада бар
High Intensity™ Ocean иіссуы теңіз еркіндігінен шабыттанған белсенді
азаматқа арналған. Мұхиттың тап-таза ауасының энергиясы, теңіз суының
ұлылығы және шексіз көгілдір аспан ақыл-ойыңызды, денеңізді және
көңіліңізді жаңартып, қуаттандыратын атмосфера жасайды. Ол терең дем
алып, жаңа шытырман оқиғаға құлшыныспен және сенімділікпен енеді.
Толқын тасыған сайын адреналинді сезеді, алдынан ашылатын шексіз
мүмкіндіктерге қуанады. Мұхит күші оны шабыттандырады, ол ұстап
алғысы келетін келесі толқындай әрқашан ашық, шексіз және жаңа.
MK High Intensity Ocean ™ иіссуы теңіз еркіндігінен шабыт алған белсенді ер-азаматқа арналған сергек, теңіз-цитрус хош иісі. Көк теңізден соққан ауаның тазалығы мен жігері, ұшы-қиырсыз судың ұлылығы мен көгілдір аспанның құлашы сананы, дене мен жан дүниеңді жаңартатын және қуат беретін атмосфера құрады. Терең тыныс алғанда шым-шытырық оқиғаларға бойлай жөнелесің. Толқын жағалауға соққан әр кез сайын ми адреналин шығарады. Бұл иіссуды сепкен азамат алдынан ашылған шексіз мүмкіндіктерден жігер алып, келесі шытырман оқиғаларға энтузиазммен және сеніммен бойлай жөнеледі. Мұхиттың күші оны шабыттандырады, әрбір толқынын ұстап алуға ұмтылады.
ЖОҒАРҒЫ НОТАЛАРЫ (Толқынды қағым
алу)
Хош иіс теңіз итальяндық бергамот, жасыл мандарин, арша және зімбір жидектері теңіз мұнарының балғын ноталарымен ашылады.
ОРТАҢҒЫ НОТАЛАРЫ (жылжы) хош иістің толғандыратын жүрегінде мускат жаңғағы, қазтамақ және қарбыз ноталары бар.
ТӨМЕНГІ НОТАЛАРЫ (сүңгі) пачули, емен мүгі және ақ амбра хош иісінің жаңа тұңғиықтығы ашылады, баурап алады және жылу қосады.
Ингредиенттердің толық тізімі: ALCOHOL DENAT, AQUA, PARFUM, LINALOOL, LIMONENE, PROPYLENE GLYCOL, ETHYLHEXYLGLYCERIN, GERANIOL, ALPHA-ISOMETHYL IONONE, CITRONELLOL, HYDROXYCITRONELLAL, CITRAL, OCTENIDINE HCL
Жұпардың иісі күні бойы өзгеріп отырады. Бұл хош иістің құрамына кіретін қосындылардың теріде әр түрлі сезілетіндігімен түсіндіріледі. Парфюмерлер хош иістің «ноталар» деп аталатын үш құрамдас бөлігін атап көрсетеді:
Жоғарғы нота: Бұл хош иістің бірінші сезілуі. Сезілу ұзақтығы 15 минут.
Ортаңғы нота: Бұл хош иістің «жүрегі», ол теріге сепкеннен кейін бірнеше минуттан соң ашыла бастайды. Бұл нотаны парфюмды денеге сепкен соң 10-20 минуттан кейін сезе бастайсыз. Бір-екі сағат ішінде ортаңғы нотаның иісі айқын сезіліп тұрады да, одан кейін біртіндеп азая бастайды.
Төменгі нота: Бұл хош иістің негізгі сезілуі, ол теріде бірнеше сағат сақталады.
Хош иісті тамыр соғысы байқалатын жерлерге, желкеге, кеудеге мойыннан төменірек және желкедеші шаш астына (шаш хош иісті жақсы ұстайды) жағу керек.
«Бұл хош иіс теңізді жақсы көретін белсенді азаматтың рухын тамаша бейнелейді. Мен бұл хош иісті кез келген кездейсоқ шытырман оқиғаға бойлай жөнелуге даяр белсенді азамат үшін жасадым»
- Наташа Коут, парфюмер және MK High Intensity ™ Ocean иіссуын жасаушыБіз Қазақстанның барлық қалаларына тапсырысты жеткізуді жүзеге асырамыз және ТЕК ҚАНА сұлулық жөніндегі Кеңесші арқылы. Өнім тегін жеткізіледі. Жеткізу мерзімдері: бір күн(егер тауар мини-қоймада бар болса), жеткізудің нақтырақ мерзімі сіздің сұлулық жөніндегі Кеңесшіңізбен келісіледі!
Менің сұлулық жөніндегі Кеңесшім бар, оны сайттан қалай табуға болады?
Егер сіздің сұлулық жөніндегі Кеңесшіңіз болса, сіз оны«сұлулық жөніндегі Кеңесшінін іздеу» арқылы фамилиясын және тұратын қаласын көрсете отырып, таба аласыз.Менің әлі сұлулық жөніндегі Кеңесшім жоқ, оны қалай табамын?
Егер сіздің сұлулық жөніндегі Кеңесшіңіз болмаса, сіз оны «Кеңесшіні іздеу» арқылы таба аласыз. Іздеу жүйесі қалалар және аудандар бойынша сүзгімен жабдықталған.
High Intensity Ocean™иіссуы, 73 мл